Accessibility links

Шахтинск соты "бірге тұрған әйел адамға ВИЧ жұқтырған" ер адамды соттады


Шахтинск қаласындағы сот.
Шахтинск қаласындағы сот.

Шахтинск қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты басқа адамға ВИЧ жұқтырған ер адамды төрт жылға соттады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың хабарлауынша, ер адам 2015 жылы ВИЧ жұқтырғанын білген, оған ВИЧ-тен емделуден бас тартудың және басқа адамға жұқтырудың қылмыстық жауапкершілігі бары ескертілген.

Ер адам 2013-2023 жылдары бір әйелмен тұрып, өзінің ВИЧ статусын айтпаған. Осыдан соң әйел сол ер адамнан ВИЧ жұқтырып, кейін қайтыс болған.

Сот ер адамның айыбы сот-медициналық сараптамамен дәлелдегенін айтады. Сараптамаға сай, әйел адам "ВИЧ жұқтырғаннан басқа ауруы асқынып, қайтыс болған".

Бірақ айыпталушы өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Сот үкіміне сай, ер адам енді күштеп емделеді.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Тараптардың апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар.

  • СПИД эпидемиясын бақылау мониторингінің есебінше, 2023 жылы 3862 адамнан ВИЧ анықталған. Елде қазір ВИЧ жұқтырған шамамен 32,6 мың адам бар. ВИЧ жұқтырған адамдар тиісті терапея қабылдаса, вирус деңгейін нөлге дейін түсіріп, ұзақ өмір сүре алады.
  • Былтыр мамырда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамда ВИЧ жұқтырғандарды алалау мен стигма барын айтқан. Министрлік "Павлодар, Қарағанды, СҚО, ШҚО, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ВИЧ-тің көп тарауының бір себебі – алдын алу шараларының жеткіліксіздігінде" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG