Accessibility links

Украина мен Молдованың Еуроодаққа кіруі жөніндегі келіссөз 25 маусымда басталады


Молдова президенті Майя Санду (сол жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский.
Молдова президенті Майя Санду (сол жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина мен Молдованың ЕО ға кіруі туралы келіссөздер 25 маусымда басталады

Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері 14 маусым кешке Украина мен Молдованың Еуроодақ қатарына кіруі жөніндегі келіссөздер аясын түбегейлі мақұлдады. Бұл туралы Азаттық радиосы және украиналық БАҚ Бельгия төрағалық етіп отырған Еуропа одағы кеңесі өкілдігінен алған дерекке сүйеніп хабарлады.

Еуроодақ елшілерінің бұл шешімі Украина мен Молдованың Еуропа одағына кіруі туралы келіссөздер ресми түрде бастау алатын үкіметаралық конференция 25 маусымда жұмысын басталатынын білдіреді деп жазды"Украинская правда" басылымы.

Конец июня был ожидаемой датой проведения межправительственной конференции – именно в этом месяце завершается председательство Бельгии в Совете ЕС.

Үкіметаралық конференцияны өткізу мерзімі Бельгияның Еуроодақ кеңесіне төрағалық етуі аяқталатын кезде – маусым айының аяғына тұспа тұс келіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG