Accessibility links

G7: Ресей Украинаға залал келтіргені үшін 486 миллиард доллар төлеуге тиіс


G7 саммитіне қатысушылар
G7 саммитіне қатысушылар

Италияда өткен саммиттің қорытындысы бойынша, "Үлкен жетілік" елдері Ресей Украинаға келтірген залалды өтеу үшін 486 миллиард доллар төлеуі керек деп мәлімдеді. Олар мұндай қаржыны Дүниежүзілік банктің ақпан айындағы есебіне сүйеніп айтып отыр.

"Үлкен жетілік" мүшелері осы елдердегі Ресей активтерті Мәскеу Украинаға қарсы агрессиясын тоқтатып, келтірілген залалды төлегенге дейін бұғатта болады деп келісті.

"Біз Ресейдің халықаралық құқықты, соның ішінде БҰҰ жарғысын және халықаралық тәртіптің негізгі принциптерін өрескел бұзуын барынша қатаң түрде айыптай береміз", – деп жазылған коммюникеде.

"Үлкен жетілік" бұған қоса "Ресейдің жауапсыз және қоқан-лоққы танытатын ядролық риторикасын" да айыптады.

"Үлкен жетілік" құрамында Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ пен Канада бар. Алғашқы үшеуі Еуропа Одағына мүше елдер. Еуроодақ биыл мамырда Ресейдің бұғаттаулы жатқан активтерінен түскен кірісті Украинаға көмек ретінде беруді ұйғарған.

Оның алдында "Үлкен жетілік" елдері Киевке биылғы жылдың аяғына дейін 50 миллиард доллардың кредитін беретінін, оны Ресейдің бұғаттаулы жатқан активтері есебінен өтеуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Батыс елдерінде Ресейдің 300 миллиард долларға жуық активі бұғаттаулы жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG