Accessibility links

Reuters: Халықаралық қылмыстық сот Украинаға қарсы кибершабуылдарды әскер қылмыс ретінде тексермек


Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) прокурорлары Украинаның азаматтық инфрақұрылымына қарсы Ресей жасаған болуы ықтимал кибершабуылдарды әскери қылмыс ретінде тексеріп жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Журналистер егер жеткілікті дәлел жиналса, бұл тұтқындауға санкция беруге негіз болуы мүмкін дейді. Басылым сұхбаттасқан адамның айтуынша, инфрақұрылымға жасалған және адамдардың өміріне қауіп төндірген, яғни тұрғындарды электр қуатынсыз және сусыз қалдырған, сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметтерімен байланысты және әуе қаупін ескерту қызметтерін істен шығарған шабуылдарды зерттеп, тексеріп жатыр.

ХҚС прокурорлары Украина өкілдерімен бірге Ресей Украинаға басқыншылық шабуылын бастағаннан бері болған кибершабуылдарды зерттеп жатыр. Reuters дереккөздері 2015 жылдан бері жасалған кибершабуылдар да тексерілуі мүмкін екенін айтты. ХҚС бұл жөнінде түсініктеме беруден бас тартты.

Ресей кибершабуылдарға қатысы жоғын бірнеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG