Accessibility links

Қазақстан мұсылмандары Құрбан айтты тойлап жатыр


Алматының орталық мешітінде айт намазын оқып жатқан жамағат. Азаттық архивіндегі фото.
Алматының орталық мешітінде айт намазын оқып жатқан жамағат. Азаттық архивіндегі фото.

Қазақстан жұртшылығы бүгін, 16 маусымда мұсылман діни мейрамдарының бірі – Құрбан айтты тойлап жатыр. Жылдағы дәстүр бойынша, бұл күні таңертең мешіттерде айт намазы оқылып, жұрт құрбандыққа мал шалып, құлшылық қылады. Құрбандық еті жағдайы төмен адамдарға таратылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Құрбан айт күнін өзгерткен. Бұған дейін ҚМДБ жариялаған діни мейрамдар кестесінде Құрбан айттың бірінші күні 17 маусым деп белгіленген еді. Бірақ кейін ҚМДБ діни мейрам күні ауыстырылғанын хабарлады.

"2024 жылғы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты, биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді", – деп түсіндірді ҚМДБ.

Қазақстан заңында Құрбан айт – демалыс күні болып белгіленген. Яғни, егер бұл күн аптаның жұмыс күніне дөп келсе, ол күн демалыс болып саналады. Ал егер биылғыдай Құрбан айт мейрамы демалыс күніне түссе, ол басқа күнге ауыстырылмайды.

Кей деректер бойынша, Қазақстанда тұратын 20 млн адамның 70 пайызға жуығы өзін мұсылманмын деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG