Өзбекстанның Әндіжан облысында 28 жастағы әйел онлайн құмар ойыннан ұтылып, өзіне қол жұмсаған. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Әндіжан облысының 1996 жылы туған тұрғыны 17 шілдеде үйінен шығып кеткеннен қайта оралмаған.
Тергеу мәліметінше, ол онлайн ойыннан 15 миллион сум (1200 доллар шамасында) ұтылып қалған.
Оның денесі 22 шілдеде каналдан табылған.
Сараптамаға қарағанда, оның тыныс алу жолдарын су бітеп, механикалық асфиксия туындаған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бұған дейін Өзбекстанда құмар ойындардан ұтылған бірнеше ер адамның өздеріне қол жұмсағаны хабарланған, алайда құмар ойынға қатысты әйел адам өлімі алғаш рет тіркеліп отыр.
ПІКІРЛЕР