Париж олимпиадасында қазақ балуаны Демеу Жадыраев грек-рим күресінен күміс медаль иеленді. Ол 77 келідегі финалда жапон Нао Кусакадан жеңілді.
34 жастағы Жадыраев финалға дейін колумбиялық Хаир Куэроны, қырғызстандық Ақжол Махмудовты (2022, 2023 жылғы әлем чемпионы, Токио олимпиадасының күміс жүлдегері), жартылай финалда әзербайжандық Санан Сулейменовті (2021, 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) жеңген.
Осылайша Жадыраев олимпиада ойындарында күміс медаль алған үшінші қазақстандық балуан болды. 2004 жылы Афины олимпидасында Григорий Цурцимия күміс медаль иеленген. Нұрбақыт Теңізбаев – 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері. Теңізбаев Пекинде негізі қол алған, бірақ қарсыласының бірі допинпен ұсталып, оған күміс медаль берілген.
Қазақстан 1996 жылдан бері күрестен олимпиадада алтын ала алмай келеді.
Атланта-1996 олимпиадасында Юрий Мельниченко чемпион атанған еді. Мельниченко ұлттық құраманың бас бапкері ретінде Жадыраевты олимпиадаға алып келген.
Қазір 7 тамыз 23:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстан Париж олимпиадасында бір алтын, екі күміс, үш қола медаль иеленді.
Алтын
- Елдос Сметов, дзюдо
Күміс
- Демеу Жадыраев, грек-рим күресі
- Нариман Құрбанов, спорттық гимнастика
Қола
- Ғұсман Қырғызбаев, дзюдо
- Ислам Сатпаев, Александра Ле, нысана көздеу
- Назым Қызайбай, бокс
ПІКІРЛЕР