Accessibility links

Семейде АЭС бойынша жария талқылау кезінде белсенді ұсталды


Полиция қызметкерлері белсенді Елдос Досановты жария талқылау кезінде ұстап жатыр. Семей, 8 тамыз 2024 жыл.
Полиция қызметкерлері белсенді Елдос Досановты жария талқылау кезінде ұстап жатыр. Семей, 8 тамыз 2024 жыл.

Семейде АЭС мәселесі бойынша өткен жария талқылау кезінде белсенді Елдос Досанов ұсталды. Полиция оны тыңдау өтіп жатқан кезде залдан ұстап, көлікке отырғызып алып кетті. Полиция оны "билік өкілдерінің талабына бағынбады" деп айыптап отыр.

Елдос Досанов – қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін айтып жүрген белсенді. Былтыр ол "Оян, қазақ" фильмінен кейін оппозиция белсендісі туралы айтқаннан соң әкімшілік жазаға тартылған еді.

Биыл 27 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум биыл күзде өтетінін айтқан. Нақты мерзімі айтылған жоқ.

АЭС-ті Балқаш көлінің жағасында Алматы облысы Үлкен ауылында салуды ұсынып отыр. Билік "соңғы шешімді халық қабылдайды" деп мәлімдеген. Референдум алдында әртүрлі аймақта жария талқылаулар өтіп жатыр. Талқылау кезінде сараапшылар Қазақстанға не үшін АЭС керектігін түсіндіреді.

Атырау мен Оралда АЭС талқылауы қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:37 0:00

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қарсы кампания ұйымдастырған бастамашыл топ шілде аяғында АЭС бойынша шешім қабылдау процесінде "міндетті халықаралық құқық нормалары сақталмай отырғандығы" байқалғанын айтқан. Мәлімдеме авторларының пікірінше, аймақтарда АЭС бойынша жария талқылаулар үстірт өтіп жатыр. Олардың айтуынша, энергетика министрлігі мен АЭС-ті жақтаушылар АЭС салу идеясын "белсенді түрде қоғамға таңып жатыр", ал тыңдаулар кезінде АЭС қажеттігін айтатын спикерлер толымды ақпараты жоқ зерттеулерге сүйенеді.

Қазақстан билігінің түсіндіруінше, АЭС елді барған сайын өткірлене түскен энергия тапшылығынан құтқарады.

XS
SM
MD
LG