Accessibility links

АҚШ-та Қазақстан азаматы банк карталарынан ақша ұрлайтын форумды басқарды деп айыпталды


АҚШ-тың Флорида штатында полиция банк карталарынан ақша ұрлаумен айналысқан WWH Club форумына әкімшілік етті деген айыппен Ресей азаматы Павел Кублицкийді ұстады. Бұл туралы Court Watch басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Кублицкиймен бірге Қазақстан тумасы Александр Ходыревке де айып тағылған. Ол да форумға әкімшілік еткен деп айтылады. Алайда оның ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз.

WWH Club форумына 170 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Сол жерден ұрланған несие карталарының көмегімен тауар сатып алу, банк есептерінен ақша ұрлауды үйрену, DDoS және спам-шабуыл ұйымдастыру мүмкін болған.

Мәліметтерге қарағанда, федералдық барлау агенттігінің өкілі ұрланған карталарды пайдалану дәрісін сатып алып, алты апта бойы тағы 50 адаммен бірге соны тыңдаған.

Кублицкий мен Ходырев екі жыл бұрын АҚШ-қа барып, пана сұраған. Екеуі де жұмыссыз деп тіркелген, бірақ бақуатты өмір сүрген.

Кублицкий Майамиде «қымбат пәтер» пәтер сатып алған, ал Ходырев 110 мың долларға Chevrolet Corvette автокөлігіне мінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG