АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонның Украинаға кезекті әскери көмек пакетін жіберу жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады.
"Украина аумағы мен украин халқының қорғанысын нығайту үшін осы жаңа көмекті мүмкіндігінше тезірек жіберіп отырмыз. Бұл пакет Украинаға өз әскерін, халқын және қалаларын Ресей шабуылдарынан қорғауға және бүкіл майдан шебіндегі мүмкіндіктерін нығайтуға көмектеседі. Президент Байден анық айтқандай, АҚШ пен халықаралық коалиция Украинаны қолдай береді" деді Блинкен.
Бұл Украина қауіпсіздігіне қосымша қаражат бөлу туралы заңға қол қойылғаннан бергі 10-көмек пакеті.
Жаңа транштың ақшалай құны – 125 млн доллар. Ол Киевке президент өкілет аясында беріліп отыр. Қару-жарақ пен оқ дәрі тізімінде қозғалмалы Stinger зениттік ракета кешені, HIMARS кешеніне арналған оқ-дәрі, 155 және 105 мм калибрлі артиллериялық оқ-дәрі бар.