Ресейдің Украинамен шектесетін Курск, Брянск және Белгород облыстарында "контртеррористік операция режимі" енгізілді. Бұл жөнінде Ресей ұлттық антитеррористік комитеті хабарлады.
Комитеттің мәлімдеуінше, мұндай шешім Киевтің "Ресейдің бірқатар облыстарындағы жағдайды тұрақсыздандыру талпынысына" жауап ретінде және "терактінің алдын алу" мақсатында қабылданып отыр.
Заңға сәйкес, "контртеррористік режим операциясы" азаматтарды тексеріп, телефон әңгімелерін тыңдауға, интернет пен мобильді байланысты өшіруге, тұрғындарды көшіруге, олардың үйлеріне кіріп, көліктерін тәркілеуге мүмкіндік береді.
Курск облысына украин әскері кіргелі бері ол жақта 6 тамыздан бері шайқас жүріп жатыр. Аймақта федералдық деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Украина әскері Суджа қаласын бақылауға алғанын мәлімдеген. Суджа билігі мұны жоққа шығарады. Ресей қорғаныс министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген.