Жексенбіге қараған түні Киев пен Киев облысы ракета атқылауына ұшырады. Тұрғын үй қирады. Құтқарушылар үйінді астынан 4 жасар бала мен оның әкесінің денесін алып шықты.
Тағы үш адам ауыр жарақат алған, оның бірі – 13 жастағы қыз бала. Олар ауруханаға жеткізілді.
Харьков облысының Золочев ауылында балалар шығармашылығы үйіне ракета түсіп, өрт шықты деп хабарлады облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Олег Синегубов. Зардап шеккендер жоқ.
Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарды ғана соққылайтынын айтқан. Ал бейбіт азаматтардың өлімі мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жайлы ақпаратқа Ресей билігі түсініктеме бермейді.
ПІКІРЛЕР