Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Атом энергетика комбинатының (МАЭК) қызметін қолдауға үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
"Қаражат облыстық бюджет арқылы энергетика комбинатын субсидиялауға бағытталатын болады, бұл кәсіпорынға алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындалуға және энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" дейді үкімет.
МАЭК Ақтау мен оның іргесіндегі елдімекендерге электр және жылу энергиясын, ауыз су мен ыстық су және техникалық су береді. Былтыр жазда комбинатта апат болып, қала мен елдімекендер жарықсыз қалды.
Апаттан кейін үкімет 1968 жылы іске қосылған комбинат 80 пайызға тозғанын айтып, жөндеу жұмыстарына әкімдік есебінен 2,6 млрд теңге бөлінгенін, үкімет 4,9 млрд теңге бөлетінін хабарлаған.
ПІКІРЛЕР