Алматы облысының соты 19 тамызда белсенді Байбақ Біләловке айыппұл салған сот шешімін жойды. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Жанара Балғабаева хабарлады.
Өткен аптада Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік соты Біләловке 77 532 мың теңге (шамамен 160 доллар) айыппұл салған.
Белсенді журналист Думан Мұхаммедкәрімнің соты жабық өтіп жатқанда сот ғимаратының жанында болған еді (2 тамызда сот Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландырды» және "тыйым салынған үйым жұмысына қатысты деп 7 жылға түрмеге кесті, ол тағылған айыпты жоққа шығарады).
Қонаевтағы сот Біләлов сот ғимараты жанында "рұқсат етілмеген шараға қатысты» деп айыптаған. Белсенді ұрандатпағанын, плакат ұстамағанын, сот ғимараты жанындағы орындықта отырғанын айтқан. Сотта Біләловтің тәртіп бұзғаны "хаттамамен, инспектордың рапортымен, ғимарат алдындағы фотомен дәлелденгені» айтылған.
Адвокат Балғабаева хаттама сенбі, 27 шілдеде толтырылғаны, бұл күні ешқандай сот болмағанын мәлімдеді. Қорғаушының сөзінше, осы фактінің өзі сот шешімін жоюға жеткілікті.
"Бұған қоса Біләлов сотқа келгені үшін жауапқа тартылмауы тиіс» деді адвокат.
Сотта Балғабаева осы фактіні де аргумент ретінде айтқан.
ПІКІРЛЕР