АҚШ конституциясы бойынша, Джо Байденнің президенттігі 20 қаңтарда Вашингтон уақытымен сағат түскі 12:00-де аяқталып, сол уақытта Дональд Трамп қызметіне кірісті. Трамп екінші рет президенттікке ант берді. Ол 2017-2021 жылдары АҚШ-тың 45-ші президенті міндетін атқарған еді.
"Америка Құрама Штаттарының президенті міндетін адал ниетпен атқаруға, АҚШ-тың Конституциясын қолымнан келгенше сақтап, қорғауға салтанатты түрде ант етемін" деді ол.
Трамп қызметіне кірісе салысымен Ақ үйдің веб-сайты жаңарып, онда жаңа президенттің суреті мен "Америка қайта оралды" деген жазу пайда болды.
"АҚШ-тың алтын ғасыры дәл қазір басталды. Бүгіннен бастап біз гүлденеміз, барлық ел бізге қызғана қарайтын болады" деді Дональд Трамп президент ретінде сөйлеген сөзінде. Ол Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялап, елді "басқыншылардан қорғау" үшін ұлттық гвардия әскерін жіберетінін айтты.
Бұған қоса ол бүгін "тарихи жарлықтар" шығаратынын мәлім етті. Reuters-тің жазуынша, ол федералдық деңгейде өлім жазасын қайта енгізіп, ресми деңгейде тек екі жынысты ғана мойындайтын және "гендерлік идеологияға" тыйым салатын жарлықтарға қол қоймақ.
Трамп "Мексика бұғазының атауын "Америка бұғазы" деп өзгертеміз" деп мәлімдеді. Бұған қоса, "Панама каналын қайтарамыз", "Марсқа АҚШ-тың туын тігеміз" деді. Трамп "әлемде бұрын болмаған күшті әскер жасақтайтынын", АҚШ әскерінің күші соғыстағы жеңістермен ғана емес, "соғыстарды алдын алғанымен" өлшенеді деп мәлімдеді.
"Егемендігімізді қайтарып, қауіпсіздігімізді нығайтамыз. Америка тарихта болмаған деңгейде ұлы елге айналады. Сенім дағдарысы, радикал көзқарастар, халықтың билігін тартып алған истеблишмент - мұның барлығы жойылады. Біздің үкіметіміз әлжуаз болды, ол шетелдердің шекарасын қорғауға көп ақша жұмсады, ал өз халқын назарға ілмей келді. Бұл тағы қайталануына жол бере алмаймыз. Денсаулық сақтау жүйеміз өз азаматтарымызға көмектесе алмайды, қаржы көп болғанына қарамастан, білім жүйесінде мұғалімдер жұмысын жек көреді. Мұның бәрі бүгіннен бастап және жылдам өзгереді. Американың құлдырауы тоқтайды" деді ол.
Трамп былтыр өзіне жасалған қастандықты еске салып, "Американы қайта ұлы елге айналдыру үшін өзін құдай сақтап қалғанын" айтты. Ол 2025 жылғы 20 қаңтарды "Америка азаттық алған күн", ал өзі жеңіске жеткен президент сайлауын "ел тарихындағы ұл күн" деп атады.
Трамп инфляцияны азайтып, баға өсімін тоқтатуға уәде берді. Американың өз елінде мұнай өндіруді арттыруға уәде берген ол: "Біз [кеніштерді] бұрғылаймыз" деді ол. Ол автокөлік өндірісін дамытып, газ өндіруді күшейтуге уәде берді әрі АҚШ өнеркәсібін дамыту үшін өз азаматтарына салықты азайтып, шетел тауарларына тарифті арттыруға сөз берді. Бұған қоса ол сырттан түсетін табысты басқаратын мекеме құратынын, ол мекеме "сыртқы көздерден қыруар қаражат жинайтынын" айтты. Бұған қоса үкімет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа министрлік құрылады деді ол.
АҚШ басылымдарының жазуынша, Трамп - жүз жылдам уақыт ішінде инаугурация рәсіміне шетел басшыларын шақырған алғашқы президент. Бұған дейін бұл шараға дипломатиялық өкілдіктер басшылары мен елшілер қатысатын.
Вашингтондағы Капитолий сарайында өткен шараға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джо Байден, Билл Клинтон, Барак Обама және кіші Джордж Буш, бизнесмендер Джефф Безос, Тим Кук, Илон Маск және басқалар қатысты.
"Американың алтын ғасыры басталды". Вашингтонда Дональд Трамптың инаугурациясы өтті
Шараның басты рәсімі – жаңадан сайланған президент пен вице-президент салтанатты жағдайда ант береді. Әдетте АҚШ президентінің инаугурациясы Капитолийдің алдында өтетін, бірақ биыл ауа райының күрт суытуына байланысты шараны ғимараттың ішінде, Капитолий күмбезі астында өткізу ұйғарылды, сондықтан инаугурацияға әуелгі жоспардағыдан аз адам қатысты.
Конгрестің инаугурация рәсімі жөніндегі комитеті жиынтығы 220 мың билет шығарған.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Трамп президент қызметіне кірісе сала 100-ге жуық жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр. Ол АҚШ-тың оңтүстік шекарасында төтенше жағдай жариялауға және мигранттарға қарсы ірі шаралар өткізуге уәде берген.
Бұған қоса Трамп "стратегиялық резервтерді лық толтырып, күллі әлемге америкалық энерияны экспорттау" үшін энергетика саласында төтенше жағдай жарияламақ. "Біз бұрғылайтын боламыз, айналайын, бұрғылаймыз", – деді ол.
Трамп АҚШ-та тек екі жыныс (ер және әйел) болатынын заң жүзінде бекітуге, сырттан әкелінетін тауарларға баж салығын көбейтіп, елдің өнеркәсібін дамыту үшін өз азаматтарына салықты азайтуға уәде етті.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Ақ үйде билікке келген соң Байден алғашқы күні-ақ өзіне дейін Трамп қабылдаған тоғыз шешімнің күшін жойған еді. Сөйтіп, АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрамына және ғаламдық климат жөніндегі Париж келісіміне қосылған елдер қатарына қайтарған, оған қоса, Мексикамен шекарадағы биік дуал құрылысын тоқтатқан.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Ал Трамп болса әйелі Мелания ұстап тұрған інжілге қол қоймай, оң қолын ғана көтерген қалпы ант берді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Аргентина президенті Хавьер Милей де Трамптың ант беру рәсіміне қатысты.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Инаугурацияға Meta (бұрынғы Facebook) компаниясының меншік иесі Марк Цукерберг пен Apple компаниясының бас директоры Тим Кук те қатысты.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады