Accessibility links

Каллас: Еуроодақтағы 26 ел Ресейге қарсы трибуналға қатысуға келісті


Кая Каллас
Кая Каллас

Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас мәлімдеме жасап, Украинадағы жағдай бойынша арнайы трибунал құруға Еуроодақтағы 26 ел келісті деді.

"Бүгін 26 мүше мемлекет осы трибуналдың мүшесі болуға міндеттеме алды" деді Каллас. Оның сөзінше, Брюссель қазір бұған қанша қаражат кететінін пысықтап жатыр.

Трибунал құруды Урсула фон дер Ляйен 2022 жылы ұсынған. Құрылымды Еуропа кеңесі аясында әзірлемек. Ресей кеңестен сол жылы-ақ шығып кеткен.

Кремль бұл трибуналды легитимді деп танымайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG