Accessibility links

Жапонияда алғаш рет әйел адам премьер-министр болып сайланды


Санаэ Такаити
Санаэ Такаити

Жапония парламенті Либерал-демократиялық партияның лидері Санаэ Такаитиді премьер-министр етіп сайлады. Осылайша ол Жапонияда бұл қызметті атқаратын алғашқы әйел атанды.

Такаитеге 237 адам дауыс берді. Оның қарсыласы Конституциялық-демократиялық партияның лидері Ёсихико Нода 149 дауыс алды.

64 жастағы Такаити енді "Жаңару партиясымен" коалициялық үкімет құруға тиіс.

Қазанның басында Такаити Либерал-демократиялық партияның жетекшісі болып сайланған. Оған бір жыл премьер-министр болған Шигеру Ишибаның отставкаға кетуі түрткі болған. The Guardian басылымының жазуынша, ұстамды саясаткер Ишибаның сайлануы оның партиясындағы оңшылдарға ұнамаған. Ал Такаити өз партиясындағы ең оңшыл адамдардың бірі саналады.

Либерал-демократиялық партия – Жапонияның ең ірі партиясы. Кішігірім үзілістерді есептемегенде, бұл партия 1955 жылдан бері билік басында тұр. Былтыр партия төменгі палатадағы көпшілік статусынан айырылып қалған, бірақ коалиция құрып билікте қала алды. Биыл шілдедегі сайлада Либерал-демократиялық партия кеңесшілер палатасындағы көпшілік статусынан да айырылып қалды. Оған ультраоңшыл "Сансейто" партиясының кенет көп дауыс алғаны түрткі болды.

Жапонияның алғашқы әйел премьері кім? Жапонияның алғашқы әйел премьері кім?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:31 0:00
XS
SM
MD
LG