Accessibility links

Тоқаев су мәселесін айтып, екінші АЭС құрылысын бастау керек деді


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына барған сапарында ел су тапшылығына дайын болу керегін мәлімдеді.

"Су тапшылығына баса назар аударамыз. Келешекте де су мол болады дей алмаймыз. Оған дайын болуымыз керек. Су үнемдеудің жоғары технологиясын қолданғанымыз жөн. Мемлекет субсидия беріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион берді. Бұл – үлкен мүмкіндік" деді ол Қызылорда облысына барған сапарында.

Тоқаев бұған қоса АЭС салу мемлекет үшін маңызды деп, бірінші стансаның құрылысы басталғанын айтты.

"Таяу арада екінші АЭС жобасын қолға аламыз" деді Қазақстан президенті.

  • Қазақстан барлығы үш АЭС салуды жоспарлайды. Алғашқы станцияны Ресейдің "Росатом" компаниясы жетекшілік ететін консерциум салады. Екінші және үшінші станцияны Қытай компаниясы салмақ. Бұған дейін Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев екі АЭС Алматы облысында, бір АЭС Батыс Қазақстанда орналасатынын айтқан.
  • Климат өзгеріп, су қоймалары тартылып жатқан тұста Орталық Азия елдері мен Ауғанстан су мәселесі шешуге тырысып жатыр. Бірнеше өзен мен су көздерін ортақ пайдаланатын аймақта жаз кезінде қуаңшылық болып, елдер су бөлісе алмай жатады. Биыл Қытайдың Тяньцзин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде Тоқаев ұйым аясында Су мәселесін зерттеу орталығын ашуды ұсынған. 2024 жылы Астанада өткен Орталық Азия елдері басшыларының жиынында да осы мәселе талқыланған.
XS
SM
MD
LG