Accessibility links

ҚазТАГ басшысы мен редакторы "жалған ақпарат тарату" күдігіне ілінгені хабарланды


ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев (оң жақта).
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев (оң жақта).

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен (Қылмыстық кодекстегі 274-бап) күдікке ілінді. Бұл туралы Азаттыққа Қасенов айтты. ҚазТАГ та сайтында ақпарат жариялады.

Ақпаратқа қарағанда, агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. Бұл компанияны Ресейден шыққан, кейін Қазақстан азаматтығын алған миллиардер Тимур Турлов (Forbes журналы байлығын $5,8 млрд деп бағалаған) басқарады.

Агенттік бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы "алаяқтық схемалардан зардап шеккендер" жайлы деп бірнеше мақала жариялаған еді. Сол кезде Freedom Finance мәлімдеме жасап, БАҚ-та жарияланған мәлімет манипуляция екенін және шындыққа жанаспайтынын айтқан әрі "ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл" деп бағалаған еді.

ҚазТАГ редакциясы "қылмыстық іс 18 тамызда тіркелген, ал редакция істің қозғалғаны жайлы 20 қарашада білдік" дейді. Ал Матаев пен Касенов 9 желтоқсанда Алматы қаласы полиция департаментіне шақыртылған.

Ал адвокаттары Рена Керимова "Матаев пен Қасеновті бекітілген процедуралардан тыс күдікті деп тану – заңды өрескел бұзу. Сырттай күдікті деп тану үшін олар жасырынып немесе тергеуден қашып жүруі керек. Ал Матаев пен Қасенов тергеу шараларынан қашқан емес" деді.

Бұл іске қатысты Алматы қаласы полиция департаменті де, Freedom Finance компаниясы \ әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

  • Биыл көктемде Freedom Finance-тың "арам пиғылды қызметкерлерінен зардап шектік" деген азаматтар бірнеше рет мәлімдеме жасаған . Олар жылдар бойы жинаған қаржылсын компанияның брокерлеріне сеніп тапсырып, ақырында алданып қалғанын айтқан. Компания мұны "эмоциялық айыптаулар, бұрмаланған фактілер" деп атаған. Сол кезде Freedom Finance "басылымдардың біріне мақалаларды алып тастауды, ақпаратты теріске шығаруды және жалған ақпарат таратуды тоқтатуды талап етіп, сотқа дейінгі талап-арыз жолдады" деген еді.
XS
SM
MD
LG