Ақмола облысында қатарынан жеті көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза болды, екі адам зардап шекті. Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 13 желтоқсанда Павлодар қаласына қарай бағытта Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94-95 шақырымында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатының салдарынан түрлі дене жарақатын алған екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қаза болды" деп жазылған Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері жылдамдықты асырмай жүруге шақырды.