Accessibility links

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы жасалды


Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын жасады. Бұл туралы ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді.

Оның сөзінше, заң жобасы сарапшылардың бағалауынан өткен және қоғамдық талқыға шығарылған. Оқу-ағарту министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі шектеу қою жолдарын, жасөспірімдердің жасын тексеру механизмін жасамақ. Бұған қоса, заң бұзған жағдайда қандай жаза қолданылатыны да талқыланады.

20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда мәжіліс депутаты Сергей Пономарев балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынған еді.

2025 жылы желтоқсанда Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға оннан аса әлеуметтік желіге, соның ішінде Facebook, Instagram, TikTok, X, Snapchat және YouTube-қа кіруге тыйым салған. Австралия билігі шешімін "балаларға қарсы зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың желіге тәуелділігін алдын алу" деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG