Accessibility links

Украина спортшысы шлемі үшін олимпиададан шеттетілді. Жағдайдың анық-қанығы

Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич соғыста қаза тапқан украиналық спортшылардың суреті бар шлемі үшін олимпиададан шеттетілді.
Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич соғыста қаза тапқан украиналық спортшылардың суреті бар шлемі үшін олимпиададан шеттетілді.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Халықаралық шана спорты федерациясы украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичті олимпиададан шеттетті. Ол бүгін, 12 ақпандағы жарысқа соғыста қаза тапқан Украина спортшыларының суреті жабыстырылған шлеммен шықпақ болған. Гераскевичтің жарыстан шеттетілуі бұл олимпиададағы үлкен даудың бірі болмақ.

12 ақпанда Милан-Кортино олимпиадасында назар спортшылардың нәтижесіне емес, украиналық скелетоншы Владислав Гераскевичке ауды. Ол скелетон жарысынан жекелей сында жарысқа шығуы керек еді. Бірақ соғыста қаза тапқан украиналық спортшылардың шлемін киіп шықпақ болғаны үшін жарыстан шеттетілді.

Халықаралық шана спорты федерациясы шлем жарыс ережесіне сай емес деген шешім шығарды да, одан кейін ХОК спортшының аккредитациясын алып алды.

Владислав Гераскевич жаттығуға осы шлемімен шыққан. 10 ақпан 2026 жыл.
Владислав Гераскевич жаттығуға осы шлемімен шыққан. 10 ақпан 2026 жыл.

Спортшының әкесі әрі бапкері Михаило Гераскевич бірден көзіне жас алып, ұлының жарыстан шеттетілгеніне өкініш білдірді.

Олимпиада ережесіне сай, жаттығуда, жарыста саяси, діни, нәсілдік демонстациялар мен пропагандаға тыйым салынады. Ал Владислав Гераскевич соғыста қаза тапқан спортшылардың суреті жабыстырылған шлем ешқандай да саяси пропаганда емес дейді.

Жарыстан шеттетілген соң Гераскевич Х желісінде "Бұл біздің – абыройымыздың құны" деп жазды. Ал Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига да Х желісінде "болашақ ұрпақ бұл ұят тірлікті алда еске алатын болады" деді.

Спортшының әкесі әрі бапкері Михаило Гераскевич ұлының жарыстан шеттетілгенін естіген сәт. Кортина. 12 ақпан 2026 жыл
Спортшының әкесі әрі бапкері Михаило Гераскевич ұлының жарыстан шеттетілгенін естіген сәт. Кортина. 12 ақпан 2026 жыл

Скелетоншы бұл шлемімен 9 ақпанда жаттығуға шыққан еді, ертеңінде ХОК бұл шлеммен жаттығуға я жарысқа шығуға тыйым салды, оның орнына қара лента тағып шығуды ұсынды. Ал шлемін баспасөз мәслихатында, сұхбаттарда, жарыстан тыс аймақтарда көрсетсе болады деді. Бірақ Гераскевич тыйымға қарамастан сол шлемімен жарысқа шықпақ болды.

ХОК пен спортшы арасындағы келіссөз нәтиже бермеген соң жарыс алдында спортшымен Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Кристи Ковентридің өзі кездесті. Бірақ Гераскевич алған бетінен қайтпады.

ХОК өкілі Марк Адамс Миландағы баспасөз мәслихатында "спортшы ХОК ережесін сақтаудан бірнеше рет бас тартқан соң өкінішпен осындай шешім қабылдадық. Таңғы 7:30-да ХОК президенті Кристи Ковентри Кортинаға барып, онымен кездесті. Спортшы компромиске барғысы келмеген соң оған жарысқа шыға алмайтынын айттық" деді.

ХОК президенті Кристи Ковентри Гераскевичпен кездесуге келген сәт. Кортина. 12 ақпан 2026 жыл.
ХОК президенті Кристи Ковентри Гераскевичпен кездесуге келген сәт. Кортина. 12 ақпан 2026 жыл.

Гераскевич америкалық мәнерлеп сырғанаушы Максим Наумовтың жарыс алаңында Максим Наумовтың ата-анасы Евгения Шишкова мен Вадим Наумов 2025 жылы 29 қаңтарда ұшақ апатынан қаза тапқан. Олар Вашингтонда АҚШ әскерінің тікұшағымен соқтығысқан American Airlines ұшағында болған еді. Ұшақ апатынан 60-тан аса адам көз жұмған. қаза тапқан әке-шешесінің суретін көрсеткенін айтып, шлеміндегі суреттер де еске алу деп санайды.

Халықаралық олимпиада комитеті украиналық шорт-трекші Олег Гандейге жазушы Лина Костенконың "Батырлық бар жерде толық жеңілу жоқ" деген сөзі жазылған шлеммен жарысқа шығуға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG