Accessibility links

Украина әскері Белгородқа ракетамен соққы жасады

Украина әскері Белгородқа ракетамен соққы жасады деп хабарлады аймақ басшысы Вячеслав Гладков. Соңғы мәлімет бойынша, екі адам қаза болған, үш адам жарақаттанған.

Гладковтың айтуынша, екі ер адам инфрақұрылымдық нысандардың бірі атқыланып жатқан кезде қаза болған. Жарақаттанғандар ауруханаға жатқызылған, бір адамның жағдайы ауыр.

"Атқылаудың салдарынан энергетикалық инфрақұрылым едәуір бүлінді. Электр энергиясы, жылу беру мен сумен қамтамасыз ету жүйесі өшті. Үш көппәтерлі үйдің терезесі сынып, алдыңғы жағы бүлінді. Тұраққа қойылған көліктер де бүлінді" деді Гладков.

Белгородтағы "Пепел" басылымының жазуынша, жылу электр орталығына да соққы тиген. Басылымның дерегінше, әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген ракета бөлшектері тұрғын үйдің шатырына құлаған.

XS
SM
MD
LG