"Сейсмологиялық зерттеу институтының" хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болған. Алматы облысында 2-4 аралығында болған.
Еуропалық Жерорта сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де болған. Жер сілкінісінің магнитудасы – 5.