Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдап, сауда-экономика, инвестиция саласындағы келісімдерді жүзеге асыру жайын талқылады. Бұл туралы 27 ақпанда Ақорда хабарлады.
Тоқаев пен Стаффт келісімдер бойынша нақты нәтижеге жету үшін екі елдің салалық министрлері деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру керегін айтқан. Бұған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп құрған АҚШ президенті Дональд Трамп биыл құрған "Бейбітшілік кеңесіне" Қазақстанда мүше болған. Тоқаев кеңестің алғашқы жиындарына да қатысқан. Сарапшылар Трамп бұл кеңесті БҰҰ-ға балама не бәсекелес құрылым ретінде құрды деп санайды. Кеңеске қазір 28 ел мүше.аясындағы ықпалдастық мәселелері жайлы да сөйлескен.
"АҚШ елшісі аталған ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді" деп мәлімдеді Ақорда ресми хабарламасында.
Тоқаев пен Стаффт осы айда екінші рет кездесіп отыр. 13 ақпандағы кездесуде де сауда-экономика, инвестиция саласындағы қарым-қатынасты талқылаған.
Джули Стаффтты былтыр шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстандағы елші қызметіне ұсынған. Сенат оны қазанда осы қызметке бекіткен. Джули Стаффт биыл 9 қаңтарда Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсырып, қызметіне кіріскен.