Accessibility links

Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Тегерандағы жарылыс. 28 ақпан, 2026 жыл.
Тегерандағы жарылыс. 28 ақпан, 2026 жыл.

Израиль Тегераннан төнетін «қауіпті сейілту» мақсатында Иранға «превентив соққы жасағанын» мәлімдеді. Бұл жөнінде Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кацқа сілтеген Израильдің Channel 12 телеарнасы хабарлады.

«Израиль мемлекеті өзіне төнген қауіпті сейілту үшін Иранға превентив соққы жасады» делінген мәлімдемеде.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, шабуыл АҚШ-пен «бірлесіп жасалған». АҚШ-тың ресми өкілдері Иранға шабуыл жалғасып жатқанын айтты.

Иран ақпарат құралдары Тегеран орталығында жарылыс болғанын хабарлап, оның видео, фотоларын таратты.

Алдымен жарылыстар Иранның орталығынан байқалып, оның фото, видеолары әлеуметтік желіде тез тарады. Қаланың төбесінен қою түтін көрінеді.

Иранның Ислам сақшылары корпусына жақын саналатын Fars ақпарат агенттігі Данешга (Университет) және Жомхури "(Республика) көшелеріне "бірнеше зымыран түскенін" хабарлады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ислам сақшылары корпусына жақын Tasnim ақпарат агенттігі Иранның әуе кеңістігі жабылғанын мәлімдеді.

Шабуылдан соң Изральдің түкпір-түкпірінде дабыс үні естіліп, Израиль қорғаныс күштері тұрғындарға қауіпсіз аймақтарға жақын жүруге нұсқау бергенін хабарлады.

Әскерилер қарсы тараптан қарымта шабуыл болуы ықтимал деп, халыққа осылай алдын ала ескерту жасағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG