Accessibility links

Қазақстан шаңғышысы Хамитов паралимпиадада қола медаль алды

Ербол Хамитов паралимпиадада мәре сызығын кескен сәт. 10 наурыз 2026 жыл.
Ербол Хамитов паралимпиадада мәре сызығын кескен сәт. 10 наурыз 2026 жыл.

Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында қазақстандық Ербол Хамитов шаңғы жарысында (спринт, отырып жарысу) қола медаль иеленді. Алтын жүлдені қытайлық Цзысюй Лю, күмісті бразилиялық Кристиан Вестемайер алды.

Бұл – Қазақстанның бұл паралимпиададағы алғашқы медалі.

28 жастағы Ербол Хамитов паралимпиадаға шаңғы мен биатлоннан қатысып жатыр. Ол 2022 жылы Пекиндегі паралимпиадаға да қатысқан еді. Петропавлда туған Хамитов – биатлон (2025 жыл, Словения) мен шаңғыдан (2023 жыл, Швеция) әлем чемпионы.

Италиядағы паралимпиадаға Қазақстаннан жеті спортшы қатысып жатыр. Жарыс 15 наурызда аяқталады. 10 наурыздағы нәтиже бойынша, жалпы есепте алғашқы бестікте Қытай (9 алтын), Австрия (4 алтын), Италия мен Украина (3 алтыннан), АҚШ (2 алтын) тұр. Қазақстан 23-орында.

XS
SM
MD
LG