Accessibility links

Тегеран революция сақшылары корпусы флотын басқарған командирдің қаза тапқанын растады

Алиреза Тангсири
Алиреза Тангсири

Тегеран Израиль шабуылынан Иранның ислам революциясы сақшылар корпусы теңіз флотының командирі Алиреза Тангсиридің қаза тапқанын растады.

Бес күн бұрын Израиль Тангсириді өлтіргенін мәлімдеген еді. 30 наурызда Иранның революция сақшылар корпусы өздерінің Sepah News сайтында адмирал Алиреза "шабуылдан ауыр жараланып, қаза тапқанын" хабарлады.

Израильдің хабарлауынша, теңіз әскерінің командирі Тангсири Ормуз бұғазындағы Бандар-Аббас портты қаласына шабуылдан қаза болған.

Иранның ислам революциясы сақшылар корпусы Тангсиридің орнына кім тағайындалатынын айтпады.

2019 жылы АҚШ-тың қаржы министрі Тангсириді "террористердің арнайы тізіміне" қосқан.

Мақшылар корпусының әскери-теңіз флоты мен Иранның теңіз әскері бірігіп, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында жылдам жүретін катерлермен партизандық соғыс әдістерін жүргізеді.

XS
SM
MD
LG