Accessibility links

Түркістан облысында екі жасар бала суға батып кеткен

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

4 сәуірде Түркістан облысы Машат ауылында іздеу-құтқару отрядының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, бала 31 наурызда өзенге құлап кеткен.

Ақпарат құралдарының жазуынша, балаға небәрі 1 жас 8 ай болған. Жақындарының сөзінше, аулада ойнап жүргенда үйдің жанында ағып жататын өзенге құлап кеткен. Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылған.

Бұған дейін Түркістан облысы Келес ауданында 23 наурызда 8 жастағы баланың суға кеткені хабарланған еді. Құтқарушылар оны әлі таппаған.

This item is part of
XS
SM
MD
LG