Accessibility links

Трамп Иран келісімге келмесе "тұтас өркениет жойылады" деп сес көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп. 6 сәуір 2026 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. 6 сәуір 2026 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 сәуірде "Truth Social желісінде "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деп жазды.

Трамп жазбасын Тегеран АҚШ-пен атысты 45 күнге тоқтатудан бас тартты деген хабар тараған тұста жариялады.

Бұған қоса, ол "Иранның ақылдырақ және қатты радикалданбаған басшылары" бүгін түнге дейін Вашингтонмен келісімге келер деген үмітін де жазды.

"47 жыл тонау, жемқорлық және өлім аяқталады. Иранның ұлы халқын Құдай жарылқасын" деді Трамп жазбасында.

АҚШ президенті Тегеранға бұған дейін де осындай талаптар қойған: Мәселен, 21 наурызда Иран 48 сағатта Ормуз бұғазын ашпаса Иранның электр станцияларына соққы жасап, қирататынын жазған. Кейін Тегеранмен "келіссөз жүріп жатқанын" айтып, бұл дедлайнды 6 сәуірге дейін ұзартқан. Ал Иран АҚШ-пен келіссөзді жоққа шығарған еді.

6 сәуірге қойылған уақыт тақап қалған тұста Трамп тағы да "Иран тозаққа айналмас үшін 48 сағат уақыты бар" (3 сәуірдегі жазбасы) деген еді.

Одан кейін 4 сәуірде Трамп тағы бір пост жариялап "7 сәуір – электр станциялары мен көпір күні болады. Сәрсенбі. АҚШ-тың шығысындағы уақытпен кешкі 8!" деп жазды.

XS
SM
MD
LG