Accessibility links

Украина Туапседегі мұнай өңдеу зауытына бір ай ішінде үшінші рет соққы жасады

Туапсе мұнай өңдеу зауытына жасалған алдыңғы шабуылдар кезіндегі өрт.
Туапсе мұнай өңдеу зауытына жасалған алдыңғы шабуылдар кезіндегі өрт.

Украина әскері сейсенбі, 28 сәуірге қараған түні Ресейдің Туапсе қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тағы да соққы жасады. Бұл – осы зауытқа кейінгі бір ай ішінде жасалған үшінші шабуыл. Сейсенбідегі шабуылды куәгерлер таратқан видеолар мен NASA FIRMS қызметінің деректері растап отыр.

Ресейдегі Краснодар өлкесі жедел штабының хабарлауынша, мұнай өңдеу зауытында "дрон сынықтарының құлауынан" соң өрт тұтанған және оны сөндіруге 120-дан астам адам, 40-қа жуық техника жұмылдырылған. Штаб жапа шеккендер жоғын айтты.

Өлке губернаторы Вениамин Кондратьев зауыт маңындағы үйлердің тұрғындарына қауіп жоғын, эвакуация жүріп жатқанын мәлімдеді.

Украиналық Exilenova Telegram-арнасының жазуынша, шабуылдан соң зауыт аумағында бір немесе бірнеше резервуар өртенген.

Украина тарабы әзірге зауытқа жасалған шабуыл жөнінде ешқандай мәлімдеме жасамады.

Бұған дейінгі соққылар кезінде зауыттың жанармай құйылған резервуарлары өртенген, бірақ мұнай өңдеу қондырғыларының өзі аман қалған. Бірақ көптеген күнге ұласқан өрт салдарынан мұнай ағылып, қалада "мұнай тамшылары" аралас жауын жауған.

Ресей қорғаныс министрлігі 28 сәуірге қараған түні Астрахан, Волгоград, Курск және Ростов облыстарында, Краснодар өлкесінде, аннексияланған Қырым түбегінде және Қара теңіз бен Азов теңіздерінің акваториясында 186 дронды қағып түсіргенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG