Accessibility links

Ресейдің Брянск қаласына соққыдан 13 адам жараланды

Украина 7 мамырға қараған түні Ресейдің Брянск қаласына соққы жасап, 13 адам жараланып, ауруханаға түскен. Олардың арасында бір бала бар. Бұл туралы Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз хабарлады.

Облыс басшысы соққы тұрғын үйлерге жасалғанын, екі көпқабатты үй, 20 пәтер мен 40 көлік бүлінгенін айтады. Богомаз Брянск облысында украиналық 121 дрон құлатылды деді.

4 мамырда Ресей президенті Владимир Путин 8-9 мамырда "Жеңіс күнінің құрметіне" тыныштық режимін жариялаған. Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл режим 6 мамырдан басталады деген. Бірақ Мәскеу бұл ұсынысқа реакция білдірмеген еді.

6 мамыр түнде Ресей Украинаны үш ракетамен, 108 дронмен шабуыл жасады. Зеленский Ресей "тыныштық режимін" бұзды деп айыптап, "Украина тиісінше жауап беретінін" мәлімдеген.

Украинаға жақын Брянск облысы кейінгі кезде жиі шабуылға ұшырайды. Биыл 11 наурызда қалаға жасалған шабуылдан 8 адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG