Accessibility links

Қазақстан жазда Қырғызстаннан су алмақ. Астана Бішкекке электр энергиясын жеткізген

Тоқтоғұл су қоймасы
Тоқтоғұл су қоймасы

Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика саласындағы министрлері келіссөз жүргізіп, Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасынан мамыр-маусым айларында су жіберудің көлемі мен режимін бекітті. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігі хабарлады.

Хаттамаға қол қойған тараптар Тоқтоғұл СЭС-інен су жіберу кестелерінің сақтауға әрі жазда аграрлық саласын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін үш ел кезең-кезеңмен әрекет етуге келіскен.

Үш елдің су және энергетика саласындағы министрлері маусым айының ортасында Бішкекте тағы кездесіп, шілде, тамыз, қыркүйек айларына арналған су жіберу көлемі мен кестесін келісуді жоспарлайды.

Қазақстан Қырғызстаннан су алғаны үшін 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың сәуірі аралығында Қырғызстанға 1 560 млн кВт/сағаттан электр энергиясын жеткізгенін айтады.

"Бұл қадам көрші елге қыс мезгілінде жылыту қажеттіліктері үшін суды артық пайдаланбауға және Тоқтоғұл су қоймасының ресурстарын бүкіл макроөңірдің қазіргі ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін сақтап қалуға мүмкіндік берді" дейді Қазақстан энергетика министрлігі.

Қазақстан мен Өзбекстан Тоқтоғұл су қоймасынан бұған дейін де су алған. Ал Ташкент пен Астана Қырғызстанға электр энергиясын берген еді.

XS
SM
MD
LG