АҚШ президенті Дональд Трамп Армения премьер-министрі Никол Пашинянға алдағы парламент сайлауында білдірді.
"Армения премьер-министрі Никол Пашиянын - керемет дос әрі көшбасшы. Өзінің елін күшті, бай әрі өте қауіпсіз етеді. Никол менің Армения мен Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен даму деген түсінігімді толық бөліседі" деді АҚШ президенті Truth Social желісінде.
Трамп АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Арменияға барып, "бірнеше маңызды келісімге қол қойғанын", Вашингтон мен Ереван "Трамп бағыты жобасын бастайтынын" да жазды.
"Николды 2026 жылы 7 маусымда өтетін сайлауда толық қолдаймын. Николдың көмегімен біз АҚШ-ты, Арменияны, Оңтүстік Кавказды және Орталық Азияны бұрын болмаған биікке көтереміз" деді Трамп.
Кейінгі кезде Ереван Еуропа және АҚШ-пен байланысты күшейтті. Мамырдың басында Ереванда Еуропа лидерлері жиналып, Армения-ЕО саммитін және Еуропаның саяси қауымдастығының жиынын өткізді. Пашинян бұған дейін Армения Еуропа одағымен байланысты күшейтетінін, бірақ Еуразия экономика одағында қала беретінін айтқан. Осыдан соң Ресей президенті Владимир Путин Ереванға бірнеше рет ескерту жасап, Армения Еуропа одағына бет бұрмас бұрын референдум өткізсін деді.