Accessibility links

Жамбыл облысында арнайы жасақ өкілі қаза тапты

Жамбыл облысы Қордай аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері қаза тапты. Ақпаратты облыстың полиция департаменті растады.

"Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі анықтауға бағытталған қажет тергеу шаралары жүріп жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдайдың қызметтік міндетті атқаруға қатысы жоқ" деді мекеме.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе оған жәрдемдесу") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Баспасөз құралдары қызметкердің өзіне қол жұмсағанын хабарлап жатыр. Тараған ақпаратқа қарағанда, оқиға полиция бөлімінің дәлізінде болған. Басына оқ тиген ер адамды жансақтау бөліміне жеткізген, бірақ ол сол жерде ес жимастан көз жұмған.

Ресми органдар тексеріс жүріп жатқанын айтып, бұдан өзге ақпарат бермеді.

XS
SM
MD
LG