Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді президент әкімшілігі басшысының біріншісі орынбасары етіп тағайындады. Қарин бұған дейін мемлекеттік кеңесші (бұрынғы мемлекеттік хатшы қызметі) қызметін атқарған. Бұл елдегі ықпалды қызметтердің бірі болды.
Жыл басында Тоқаев мемлекеттік кеңесші қызметі қысқаратынын жариялаған еді. Елде мемлекеттік хатшы қызметі 2022 жылы маусымда жойылып, мемлекеттік кеңесші қызметі құрылған.
50 жастағы Қарин Қаңтар оқиғасына дейін Тоқаевтың көмекшісі болып қызмет атқарған еді. Қаңтар қырғыны тұсында, 5 қаңтарда Тоқаев Қаринді мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындаған. Сол жылы 25 қаңтарда Тоқаев мемлекеттік хатшы құзіретін кеңейтіп, оған жарлық шығаруға, мемлекеттік органдарға тапсырма беруге, үкімет пен кеңестердің жиынына қатысуға құқық берген. Сарапшылар бұл өзгерістерден соң мемлекеттік хатшының президент аппаратына ықпалы артқанын айтқан.