Украинадағы соғысқа Ресей жағында қатысқан 339 қазақстандық, 229 өзбекстандық, 199 тәжікстандық, 89 қырғызстандық, 26 түркіменстандық қаза тапқан. Бұл туралы ВВС-дің Орыс қызметі мен «Медизона» жобасының зерттеуінде айтылады.
Зерттеуде Ресей әскері сапында соғысқан 3589 шетелдік опат болғаны жазылған. Олар - Эквадор, Непал, АҚШ, Вьетнам, Шри-Ланка, Уганда, Кения сынды барлығы 40-тан аса елдің азаматтары.
Қаза болғандардың ішінде 2304 солдат Солтүстік Кореядан келген. Зерттеушілер Украинадағы соғысқа Ресей әскері сапында қатысып опат болған шетелдіктердің саны бұдан да көп болуы мүмкін деп топшылайды.
НАТО-ның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ВВС-дің Орыс қызметіне «альянстың есебі бойынша Ресей әскерінің сапында 44 елден келген 24 мыңдай жалдамалы соғысып жүр, олардың көбі – Африка елдерінен» деген.
Украинадағы соғысқа Ресей жағында қатысқан 339 қазақстандық қаза тапқан – ВВС