Accessibility links

Трамп Ормуз бұғазында Иран қайтадан құрсауға алынғанын мәлімдеді

Ормуз бұғазы. Иранның Бендер-Аббас портынан түсірілген сурет.
Ормуз бұғазы. Иранның Бендер-Аббас портынан түсірілген сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазы жағынан қайтадан құрсауға алынғанын жариялап, енді Вашингтон халықаралық кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақы алатын болады деп мәлімдеді.

"Ормуз бұғазы ашық және – Иранмен немесе онсыз да – ашық болып қала береді. Біз Иранды қайтадан құрсауға алып жатырмыз, ол тек Иран кемелері мен Иранмен байланысты тұтынушыларға қолданылады. Басқа елдердің бәрі бұғазды еркін пайдалана алады", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сонымен бірге, Трамптың айтуынша, АҚШ әлемдегі ең маңызды теңіз сауда жолдарының бірінің қауіпсіздігін тегін қамтамасыз етуге ниетті емес.

"Оны қорғағанымыз үшін бізге ақы төлейді – көп ақша. Басқа елдер өте бай, олар біздің жағымызда, және біз мұны тегін жасайды деп ойламайды", – деді АҚШ президенті.

Кейінірек Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Вашингтон кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кететін шығынының өтеуіне бұғаз арқылы тасымалданатын барлық жүк құнының 20% көлемінде ақы алатын болады деп нақтылады.

  • Ормуз бұғазы әлемдік мұнай саудасының негізгі бағыттарының бірі. АҚШ пен Израиль биыл ақпанның аяғында Иранға қарсы әуеден шабуылдаған соң басталған қарулы қақтығысқа дейін әлемдік теңіз жолымен тасымалданатын мұнайдың шамамен 20% осы бұғаз арқылы өтетін. Соғыс басталғаннан кейін Иран бұғаз жабылды деп жариялады, ал АҚШ Иран порттарына кеме қатынасына шектеу енгізді.
  • Ормуз бұғазын ашу Вашингтон мен Тегеран маусым айында қол қойған өзара түсіністік меморандумының негізгі шарттарының бірі болды. Құжатта 60 күнге атысты тоқтату және кеме қатынасын қалпына келтіру қарастырылған. еді. Шілденің басында Трамп атысты тоқтату режимі аяқталды деп санайтынын мәлімдеген, содан кейін Иран Ормуз бұғазы қайтадан жабылды деп жариялады.
Айдар
XS
SM
MD
LG