Accessibility links

Футболдан Испания құрамасы әлем чемпионы атанды

Испания құрамасы әлем кубогын алған сәт. Нью-Йорк. 19 шілде 2026 жыл.
Испания құрамасы әлем кубогын алған сәт. Нью-Йорк. 19 шілде 2026 жыл.

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Жеңіс голын 106-минутта Ферран Торрес салды. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.

Ойында бір ғана гол салынғанымен финал Испанияның басымдылығымен өтті. Матч барысында Испания Аргентина қақпасына 20 соққы жасаса, Аргентина ойын соңында екі соққы бағыттады.

Испания Аргентина қақпасына жеңіс голын салған сәт. Нью-Йорк. 19 шілде 2026 жыл.
Испания Аргентина қақпасына жеңіс голын салған сәт. Нью-Йорк. 19 шілде 2026 жыл.

Нью-Йоркта өткен финалды АҚШ президенті Дональд Трамп келіп көрді.

Осылайша Испания екінші рет Еуропа чемпионатын және әлем кубогын қатарынан жеңді. Бұл құрама 2024 жылы Еуропа біріншілігінде жеңіске жеткен. Испания 2008 жылы Еуропа чемпионатын, 2010 жылы әлем кубогын жеңген еді.

2022 жылы әлем чемпионы атанған Аргентина бұл жолы күміс жүлдегер. Ал қола жүлде Францияны 6:4 есебімен жеңген Англияға бұйырды.

Келесі әлем кубогы 2030 жылы Испания, Португалия, Мароккода өтеді. Алғашқы матчтары әлем кубогының жүз жылдығына байланысты Парагвай, Аргентина, 1930 жылғы әлем кубогы Уругвайда өткен. болады. FIFA келесі әлем біріншілігіне 64 ел қатыстыруды ойластырмақ.

Биылғы әлем кубогына 48 ел жолдама алды. Бұған дейін 32 құрама қатысып келген еді.

XS
SM
MD
LG