Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Ресей басшысы Владимир Путин қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа “арнайы әскери операцияның (Украинадағы соғысты ресейлік ақпарат құралдары осылай атайды) барысы туралы баяндап”, осылайша оның ұсынысына реакция білдірген.
Песковтің айтуынша, дегенмен Киевтің позициясын ескергенде соғысты “уақытша тоқтату мүмкін емес”.
“Біз әуелі өзіміздің мақсатымызға жетуіміз керек” деді Песков.
Ол соғысты тоқтату шарттары туралы екі жыл бұрын Ресей сыртқы істер министрлігі жеткізгенін еске салды.
“[Шарттар] түсінікті, бірізді. Сол себепті Киев тиісті шешім қабылдаса, барлығы бүгін ақ күн соңына дейін бітуі мүмкін” екенн айтты.
25 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей басшысымен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды және бейбітшілік келіссөз бойынша Стамбұл формуласына оралуды ұсынған еді.
"Бәлкім, қақтығысты уақытша доғарып, стамбұлдық 2.0 формуласына оралған жөн шығар. Әрине, АҚШ сияқты алып державалардың кепілдігімен. Мен араағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын", деді Қазақстан басшысы.
Кремль Тоқаевтың ұсынысына жауап берді: соғысты уақытша тоқтату мүмкін емес