Accessibility links

Қырғызстанда жерді шетелдік инвесторларға жалға беруге қарсы шыққан белсенді екі айға қамалды

Белсенді Азамат Баяманов
Белсенді Азамат Баяманов

Қырғызстанда жерді шетелдік инвесторларға жалға беруге қарсы шыққан белсенді Азамат Баяманов "жаппай наразылық ұйымдастыру" ісі бойынша екі аға қамалды. Бұл туралы белсендінің әйелі Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады. Ақпаратты сот та растады.

24 шілдеде белгісіз адамдар белсендіні күштеп көлікке салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Мұның алдында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Баямановты шақыртқан еді. Дегенмен органдар Баямановтың ұсталғанына қатысты ресми мәлімдеме жасамаған.

Белсенді Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа қайырылып, жерді жеке адамдарға, заңды тұлғаларға және шетелдік компанияларға ұзақ уақытқа беруге қарсылық білдірген.

14 шілдеде Қырғызстан үкіметі мемлекет меншігіндегі жерді жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және шетелдіктерге инвестициялық жобалар үшін 50 жылға дейін жалға беруді ұсынған. Бұл ұсынысқа Қырғызстанда қарсылық күшейіп, кейбір тұрғындар жерді қытайлықтар алады деп қауіптенген. Үкімет ұсынысына қарсы шыққан блогерлер мен белсенділер полицияға шақыртылған еді.

21 шілдеде Қырғызстан президенті Жапаров желіде "шетелдік инвесторларға жер тек уақытша берілетінін" жазған.

XS
SM
MD
LG