Accessibility links

Астанада "Болашақ ойындары" басталады. Бұл жарыс Ресейдің идеясы болған

"Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты. 29 шілде 2026 жыл.
"Болашақ ойындарының" ашылу салтанаты. 29 шілде 2026 жыл.

Бүгін, 29 шілдеде Астанада "Болашақ ойындары – 2026" басталады. Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады. Жарысқа 34 елден 800 спортшы қатыспақ.

"Болашақ ойындары" 2024 жылы Ресейдің бастамасымен өткен. Мәскеу Украинаға соғыс ашқан соң ресейлік спортшылар ірі халықаралық жарыстардан шеттетілген еді. Осыдан соң Ресей өзінің турнирлерін ұйымдастыруды бастаған. "Болашақ ойындары" сол бастамалардың бірі әрі алғашқы ойындар 2024 жылы Қазан қаласында өткен еді. 2025 жылғы турнир Абу-Дабиде болған. Ресейдің бастамасымен құрылған бұл жарысқа көбіне Мәскеумен тығыз байланыстағы я бейтарап ұстанымдағы елдер қатысады.

Жарысқа қатысушылар негізінен компьютер ойындарынан және физикалық спорт түрлерінен бірге жарысады. Мәселен, спортшылар алдымен футболды компьютерде ойнап, кейін алаңға шығады.

Астанадағы жарыс 9 тамызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG