Accessibility links

Ресейдің Ярослав қаласындағы ірі мұнай зауытына дрон шабуылдады

Уфадағы мұнай зауытына шабуыл. 5 тамыз 2026 жыл.
Уфадағы мұнай зауытына шабуыл. 5 тамыз 2026 жыл.

6 тамызда Ресейдің Ярослав қаласындағы "Ярославнефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауытына дрон шабуылдап, өрт болды. Бұл зауыт Ресейдегі "Славнефть" компаниясына тиесілі. Шабуыл жайлы Ресейдің және Украинаның телеграм-арналары жазды. Куәгерлер желіде зауыт маңындағы өрттен видео мен фото жариялап жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленский "Ярославнефттеоргсинтез" бен Уфадағы "Башнефть-Новойл" зауытына шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Ярослав облысы губернаторы Михаил Евраев 6 тамызға қараған түні аймаққа Украина дрондары шабуылдағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, "облысқа ең ауқымды дрон шабуылы болып", 88 дрон "құлатылған". Евраев шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ дейді.

"Ярославнефтеоргсинтез" — Ресейдегі қуаты жағынан бесінші ірі мұнай зауыты. 2026 жылдан бері Украина бұл зауытқа кемі алты рет шабуылдаған.

XS
SM
MD
LG