Accessibility links

Қазақстан мектептерінде ЖИ, цифрлық қауіпсіздік пән ретінде оқытылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект пән ретінде оқытылады. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігіне сілтеп, Tengrinews.kz сайты хабарлады.

1-4 сыныптағы "Цифрлық сауаттылық" пәні енді "Цифрлық сауаттылық және ЖИ" деп, ал 5-11 сыныптағы "Информатика" пәні "Информатика және ЖИ" деп өзгереді.

Бастауыш сыныпта жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік, жеке бас деректерін қорғау және интернеттегі әрекеттер үшін жауапкершілік оқытылмақ. Ал 5-9 сынып оқушылары ЖИ-ді оқуда қолдануды, ЖИ-ге дұрыс сұрау салуды, нейрожүйелердің жауабын критикалық тұрғыда бағалауды, киберқауіпсіздік пен академиялық шыншылдықты үйренеді.

10-11 сыныпта нейрон жүйелері, деректерді сараптау және криптографияны, қазіргі ЖИ жүйелерінің жұмыс принциптерін оқытылады.

Кейінгі кезде Қазақстан билігі елде жаңа технологияларды дамытып, жасанды интеллекті барлық салаға енгізуге тырысып жатыр. 2025 жылы қыркүйекте елде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылған.

XS
SM
MD
LG