Accessibility links

UEFA 2030 жылғы әлем кубогына бойкот жариялау идеясынан бас тартпайды

FIFA президенті Джанни Инфантино
FIFA президенті Джанни Инфантино

UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) FIFA үйымдастыратын жарыстарға бойкот жариялау идеясынан бас тартпауы мүмкін. Еуропа футбол қауымдастығы 6 тамызда тағы да мәлімдеме жасап, "FIFA тарапынан талаптар орындалмады" деді.

"UEFA FIFA ұйымдастыратын жарыстарға қатыспау шарттарын өте анық айтты. Біріншіден, FIFA ірі турнирлерді сату ұсынысынан толығымен бас тарту керек. Екіншіден, алдағы уақытта мұндай әрекеттер қайталанбайтынына кепілдік берілуі тиіс. Бұл талаптар орындалмады. Бұған қоса, UEFA сенбідегі мәлімдемесінде FIFA президенті Джанни Инфантиноға сенім жоғалғанын айтқан. Бұл ұстаным күшінде қалады" деді UEFA мәлімдемесінде.

Осылайша Инфантиноның кешірім сұрағанына қарамастан және әлем кубогының 20 пайызын жеке меншік инвесторларға сату идеясынан бас тартса да, UEFA бұрынғы ұстанымынан қайтпай отыр.

Шілденің соңында Инфантино FIFA ұйымдастыратын жарыстардың 20 пайыз үлесі сыртқы инвесторларға беру туралы бастама көтерген. Ал жеке инвесторлар тобын америкалық бизнесмен Джошуа Кушнердің Thrive Capital компаниясы басқаруы мүмкін. Джошуа Кушнер – АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнердің ағасы.

Осыдан соң UEFA ұйымына кіретін 55 ел (оның ішінде Қазақстанда бар) бұл бастама жүзеге асса, 2030 жылғы әлем кубогына бойкот жариялайтынын айтқан. Кейін Инфантиноның бұл идеясына CONCACAF (Орталық және Солтүстік Америка футбол қауымдастығы) және Азия футбол қауымдастығы қарсы шыққан. Осыдан соң Инфантино әлем кубогының үлесін сатудан бас тартқан еді.

XS
SM
MD
LG