АҚШ сенаты Ресей мен Иранға қарсы санкция салу бойынша заң жобасын (Lindsey O. Graham Sanctioning Russia and Iran Act of 2026) қолдап дауыс берді. Енді құжатты Өкілдер палатасы қарап, кейін президент Дональд Трамп қол қоюы керек. Заң жобасын 86 сенатор қолдаса, 11-і қарсы шықты.
Бұл заң жобасына сенатор Линдси Грэм көзі тірісінде (биыл 11 шілдеде көз жұмған) бастамашыл болған. Грэм өмірден өткен соң заң жобасы оның атымен атала бастады.
Заң қабылданса АҚШ президенті Ресейден мұнай, уран, газ алатын және санкцияны айналып өтуге көмектескен елдерге 100 пайыз баж салығын салуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Ресейдің қорғаныс, энергетика, қаржы мекемелеріне, көлеңкелі флотына, ресейлік шенеуніктерге, олигархтар мен олардың отбасыларына санкция салуға мүмкіндік береді.
Бұл заң жобасы 2025 жылы ұсынылған. Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қатысты ұстанымы анық болмағандықтан біраз уақыт жатып қалған.