Accessibility links

Ташкенттің ресми өкілдері өзбекстандықтардың қазасынан соң Татарстанға аттанды

Нижнекамскідегі дрон түскен жатақхана. 10 тамыз 2026 жыл.
Нижнекамскідегі дрон түскен жатақхана. 10 тамыз 2026 жыл.

Татарстанның Нижнекамск қаласына дрон шабуылы кезінде Өзбекстан азаматтары қаза тапқан соң Ташкенттен арнайы жұмыс тобы осы қалаға аттанды. Жұмыс тобында төтенше жағдай министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің, денсаулық сақтау министрлігінің, миграция агенттігінің өкілдері бар.

Өзбекстан төтенше жағдай министрлігі премьер-министрдің орынбасары Ачилбай Раматов басқаратын үкіметтік комиссия құрылғанын да мәлімдеді. Бұл комиссия зардап шеккен өзбекстандықтарға көмектесіп, қаза тапқандардың сүйегін Өзбекстанға жеткізумен айналысады.

Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинаның 10 тамызда Нижнекамскіге жасаған дрон шабуылынан 13 адам қаза тауып, 78 адам жараланған. Қаза болғандардың арасында Өзбекстанның сегіз азаматы, Тәжікстанның бір азаматы бар. Тәжікстандықтың қаза тапқанын елдің сыртқы істер министрлігі "Азия плюс" басылымына растаған.

Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың телеграм-арнасындағы ақпаратқа қарағанда, дрон жұмысшылар таңғы ас ішіп отырғанда түскен. Шабуылдан бас жастағы қыз бала да қаза болғаны айтылды. Миннихановтың сөзінше, терезе маңында ұйықтап жатқан қыз балаға әйнек тиген.

Мониторинг жүргізетін Telegram-арналар Нижнекамскінің өнеркәсіп аймағында өрт шыққанын хабарлаған. Astra басылымы дрондар Ресейдің СИБУР холдингіне тиесілі "Нижнекамскнефтехим" кешенін нысанаға алған болуы мүмкін деп топшылайды. Сол аймақта "ТАИФ-НК" және "Танеко" мұнай өңдеу зауыттары да орналасқан.

Украина шабуылынан Ресейде өзбектер қаза тапты. Татарстан қаралы күн жариялады
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:16 0:00
XS
SM
MD
LG