Дамаскідегі сот елдің бұрынғы президенті Башар Асадты өлім жазасына кесті. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі хабарлады.
Асад, оның туысқан ағасы Атиф Наджиб (Дераа провинциясының саяси қауіпсіздік қызметін басқарған) және жеті адам әскери қылмыс жасады, адам өлтірді, адам азаптады, Сирия халқына қарсы қылмыс жасады деп айыпталды.
Олар 2011 жылғы Дераа провинциясындағы билікке қарсы бейбіт наразылықты күшпен басқан оқиғаға байланысты айыпталды. Асад режимі билікке қарсы наразылық қатысқандарды жаппай ұстап, азаптаған. Мұның арты қантөгіске айналып, көп адам қаза тапқан.
2024 жылдың соңында Сирияда Башар Асад режимі құлап, ол отбасымен Ресейге қашқан. Қазір ол Ресейде тұрып жатыр. Елдің қазіргі билігі Асадты тұтқындауға ордер берген. The New York Times басылымы Асад әулетімен Мәскеу маңында тұрып жатқанын жазған.