Accessibility links

Қырғызстанда Асман қаласын салуға 453 гектар жер бөлінді

Асман қаласы салынатын жер.
Асман қаласы салынатын жер.

Қырғызстан үкіметі Ыстықкөл аймағындағы мемлекет меншігіндегі 653,87 гектар жерді Асман қаласын салуға бөлді. Бұл туралы мемлекеттік "Эркин-Тоо" газеті хабарлады.

Қала салуға бөлінген жердің 457,99 гектары ауыл шаруашылығына арналған, ал 195,88 гектары мемлекеттік орман қорына тиесілі. Енді бұл жер елдімекен категориясына ауыстырылады.

Ыстықкөл аудандық әкімдігі болашақта салынатын қаланың қауіпсіздігін, жауын суы мен тасқын судан, сейсмикалық қорғау, басқа да табиғи апаттардан қорғану жағын қарастыруы тиіс. Егер қала салынатын жерден тарихи-мәдение жәдігер табылса, археологиялық зерттеу жүргізілуі керек. Мұны арнайы археолог мамандар қадағалайды. Бөлінген жер мақсатқа сай орындалмаса билік жерді бұрынғы қалпына келтіруі тиіс.

Асман қаласы – Ыстықкөл жағасында салынуы тиіс жаңа қала. Жоба авторлары Асманда жарты миллиондай адам тұрып, қала туристік, технологиялық, экологиялық орталыққа айналуы тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG