Accessibility links

Украина әскері ресейлік "Плесецк" айлағына шабуыл жасаған болуы мүмкін

Украинаның қарулы күштері жексенбі, 23 тамызда Ресейдің Архангельск облысындағы “Плесецк” айлағына дрондармен шабуылдаған болуы мүмкін. Бұл жөнінде украиналық Supernova+ мониторингтік арна хабарлады. Таңертең және күндіз Архангельск облысында әуе дабылы іске қосылған. Ресейлік БАҚ шабуыл жөнінде хабарламады.

Плесецк айлағына дрон шабуылдағаны жөнінде ақпарат алғаш рет шығып отыр. Алайда сәуірде "Роскосмос" басшысы Дмитрий Баканов Ресей президенті Владимир Путинге украин дрондары кең жолақты байланыс жүйесінің спутнигін ұшыруға кедергі жасағысы келгенін, сонда да спутникті ұшыра алғанын айтқан еді.

"Плесецк" айлағы – Ресейдің солтүстігіндегі басты әскери айлақ. Украинамен шекарадан шамамен 1800-1900 шақырым жерде орналасқан. Одан интернет байланыс жүйесін қамтамасыз ететін "Рассвет" спутнигін орбитаға шығару үшін де "Союз" және "Ангара" ракеталары ұшырылады. "Роскосмос" оларды ресейлік “старлинкке” балайды.

Айдар
XS
SM
MD
LG